Қазақстанның бірнеше облысында қалың қардан кейін тас жолдардағы қозғалыс қайта жанданды
© Фото: unsplash
Жамбыл, Түркістан, Жетісу, Алматы және Абай облыстарында ауа райының қолайсыздығына, соның ішінде қалың қарға байланысты бұрын тоқтатылған автокөліктер үшін қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы 16 желтоқсанда келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөліктер үшін қозғалыс ашылды:
Жамбыл облысы
"Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 534-593 шақырым аралығында учаске (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін).
Түркістан облысы
"Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 593-674 шақырым аралығында учаске (Жамбыл облысының шекарасынан Шымкент қаласына дейін).
2024 жылғы 16 желтоқсан сағат 07:00-де келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылады:
Алматы облысы
"Алматы-Өскемен" автожолының 77-124 шақырым аралығындағы учаскеде (Қонаев қаласынан Жетісу облысының шекарасына дейін)
"Алматы-Шелек-Қорғас" автожолының 136-254 шақырым аралығында (Шелек ауылынан Жетісу облысы шекарасына дейін).
"Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас" автожолының 136-172 шақырым аралығында (Шелек ауылынан Көкпек ауылына дейін)
"Көкпек-Кеген-Тюп" автожолының 0-72 шақырым аралығында (Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейін)
Жетісу облысы
Алматы-Өскемен" автожолының 276-480 шақырым аралығындағы учаскеде (Талдықорған қаласынан Көлбай ауылына дейін)
"Алматы-Өскемен" автожолының 124-276 шақырым аралығындағы учаскеде (Алматы облысының шекарасынан Талдықорған қаласына дейін)
"Алматы-Өскемен" автожолының 45-68 шақырым аралығында (Сарыөзек ауылынан-Көктал ауылына дейін Алтын Емел асуы)
Абай облысы:
"Алматы-Өскемен" автожолының 615-967 шақырым аралығында (Жетісу облысының шекарасынан-Қалбатау ауылына дейін)
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Жетісу облысы:
"Алматы-Өскемен" автожолының 480-615 шақырым аралығында (Көлбай ауылынан Абай облысы шекарасына дейін)
Ведомствоның атап өтуінше, автокөлік жүргізушілері еліміздің тас жолдарына қатысты барлық ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталықтың 1403 телефоны арқылы ала алады.
Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі Алматы-Өскемен тас жолында көлік қозғалысы шектелгенін хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:29, 16 желтоқсан 2024
Иран Нетаньяхуды өлім жазасына кесудің заңды мүмкіндігі туралы айтты
-
13:13, 16 желтоқсан 2024
«Атлетико» қатарынан 11 жеңіске жетіп, Ла Лига кестесінде «Барселонамен» бір деңгейге көтерілді
-
13:01, 16 желтоқсан 2024
Қостанай облысында жоғары лауазымды прокурор жұмыстан қуылды
-
12:32, 16 желтоқсан 2024
Балалар құрастырған Темірбек роботы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
-
12:21, 16 желтоқсан 2024
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды