Қарағанды облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты
© Сурет: freepik
30 қыркүйекте оқу-жаттығулар кезінде екі орынды ұшақ апатқа ұшырап, ішіндегі адамдар қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 30 қыркүйекте таңертең болды.
"2023 жылы 30 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде Қарағанды облысындағы Балапан алаңында P2002 типті Upla286 ұшағы сағат 07:46-да ұшып шыққаннан кейін байланысқа шықпаған. Іздеу барысында талқаны шыққан ұшақ пен екі адамның денесі табылды", делінген Азаматтық авиация комитетінің мәтінінде.
Тергеу шараларымен Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу жөніндегі департаменті айналысады.
Сондай-ақ Азаматтық авиация комитеті апатқа ұшыраған ұшақтың суретімен бөлісті.

Сурет: Азаматтық авиация комитеті
Әуе апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





