Қарағанды облысында құтқарушылар 84 жастағы кейуананы аман алып қалды

10:44, 25 қараша 2024

© Фото: Zakon.kz

Теміртау қаласы Менделеев көшесі бойында үш қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде қоқыстың жануы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, өртті сөндіру жұмыстары барысында құтқарушылар пәтерден 1940 жылы туған әйелді құтқарып, оттан 1 газ баллонын қауііпсіз аәмаққа шығарды.

84 жастағы кейуанаға медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ күшімен жану толығымен сөндірді.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Бұған дейін Алматы облысында монша өртенгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!