Абай облысында 15 тонна шөп өртенді
© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Абай облысында ТЖМ құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақсуат ауданы Сәтпаев ауылы Байзақов көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің аумағында шаруашылық құрылысы мен 15 тонна шөп жанды.
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 120 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.
Ведомство азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:25, 24 қараша 2024
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті
-
17:10, 24 қараша 2024
Cиноптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:49, 24 қараша 2024
«Үшарал-Достық» автожолы қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
16:10, 24 қараша 2024
Павлодарда лифтіде өрт шықты
-
15:52, 24 қараша 2024
Павлодарда он күн бұрын жоғалған әйел дін аман табылды