Қытайлық шаруа жолбарыстың шабуылынан жан сауғалап қалған
© Сурет: pixabay
Сібір жолбарысы Қытайдағы шаруа қожалығы аумағына кіріп, фермерге шабуыл жасаған. Ол қақпаны әрең жауып, қашып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Hindustan Times газетінің ақпаратынша, бұл жайт жергілікті тұрғындардың зәресін алды
Шабуылдан кейін жарақаттанған сол қолын емдеу үшін 65 жастағы шаруа Чжао ауруханаға жатқызылды.
Фермер екі жолбарыстың еркін жүргенін айтты, дегенмен шенеуніктер олардың нақты санын растамады. Билік тұрғындарды жолбарыстарды көрген жағдайда бірден хабарлауға және малдарын қорғау үшін шаралар қабылдауға шақырды.
Сурет: X/@ShanghaiEye
Ресми деректерге сүйенсек, Қытайда 70-ке жуық Сібір жолбарыстары бар.
2021 жылы елде Сібір жолбарыстары мен Қиыр Шығыс барыстарының мекендеу ортасын сақтау үшін Цзилинь және Хэйлунцзян провинцияларында 14 100 шаршы шақырымды қамтитын Солтүстік-Шығыс Қытай жолбарыстары мен барыстары ұлттық паркі құрылған болатын.
Бұған дейін Литвада жүк ұшағы тұрғын үйге құлап, өртеніп кеткені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:31, 25 қараша 2024
Петропавлда «синтетика» таратқан күдіктілер ұсталды
-
15:16, 25 қараша 2024
Жетісулықтар интернет-алаяқтарға алданып, 516 миллион теңгеден астам шығынға батқан
-
15:08, 25 қараша 2024
Қазақстандағы антициклон: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
14:54, 25 қараша 2024
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 400-ден астам жүк көлігінің тұрып қалу себебі анықталды
-
14:46, 25 қараша 2024
Атырауда қасапшыдан сібір жарасы расталды