Астананың екі тұрғыны есірткі құралдарын таратқаны үшін 8 және 18 жылға бас бостандығынан айырылды
© Фото: Zakon.kz
АҚШ-тан есірткі және психотроптық заттарды халық тұтынатын тауарлары бар пошта сәлемдемелері түрінде аса ірі мөлшерде жеткізу фактісін Агенттіктің елордалық департаменті әшкереледі6 деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомстваның 2024 жылдың 25 қарашасында берген мәліметіне сүйенсек, қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, тексеру жүргізу кезінде кедендік бақылау аймағындағы уақытша сақтау қоймасында жалпы салмағы шамамен 1 кг болатын "гашиш" есірткі заты табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында жүргізілген мониторинг нәтижелері "Қазпошта" АҚ қалалық филиалдарының бірінде сол алушылардың атына тағы бір сәлемдеменің бар екендігін көрсетті.
Сәлемдемеде жалпы салмағы 7 грамнан асатын күшті психотропты зат – тетрагидроканнабинол және оның изомерлері табылды.
Айыпталушылардың бірінің пәтерін тінту кезінде есірткі құралдары, сондай-ақ орауыш материалдар мен таразы табылды.
Сот шешімімен істің екі қатысушысы кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтей отырып, 8 және 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Жалпы, жыл басынан бері есірткі контрабандасы және заңсыз айналымы фактілері бойынша 116 қылмыстық іс тіркелген. 57,3 кг есірткі тәркіленді.
Сонымен қатар, 1,7 кг психотроптық заттар, анаболиктер (улы зат) – 206 мың дана және "Тропикамид" көз тамшылары – 1 680 дана тәркіленді.
Бұған дейін Алматының бейберекет салынған аймағының тұрғындары маңызды ақпарат алған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:24, 25 қараша 2024
Алматы және Астана қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі 25 қарашадағы валюта бағамдары
-
11:13, 25 қараша 2024
Балабақшадағы есепшілер миллиондаған ақшаны жымқырды: екеуі жауапкершіліктен құтылды
-
11:02, 25 қараша 2024
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан көлікті сөндірді
-
10:57, 25 қараша 2024
Итбалықтардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғау қажет
-
10:44, 25 қараша 2024
Қарағанды облысында құтқарушылар 84 жастағы кейуананы аман алып қалды