«Қар жауып, күн күрт суытады». Алматы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы

09:33, 28 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz

Синоптиктер Zakon.kz сайтына Алматыда ақпан айының соңғы күндері мен наурыздың басында қандай ауа райы күтілетінін айтып, өз болжамдарымен бөлісті. Оған сәйкес, мегаполистегі көктем қара суық пен аппақ қардан басталады, бірақ келесі демалыс күндеріне қарай сынап бағаны плюсті көрсетеді.

"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Светлана Аманқұлованың айтуынша, 2026 жылғы 28 ақпан – 6 наурыз аралығындағы болжам бойынша Алматы қаласында ауа райы өте құбылмалы болады деп күтіледі.

"Жексенбіде күндіз қар жауады, ал түнде қарай қар қалыңдай түсуі мүмкін. Тұман, көктайғақ, екпінді жел қатар жүреді. Ауа температурасы түнде: -7...-9°С, күндіз: -3...-5°С. 1 және 2 наурызда ауа райы жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы түнде -10...-12°С-ден -5...-7°С-қа дейін, ал күндіз -3...-5°С-ден +1...+ 3°С дейін өзгереді", - дейді синоптик.

3-6 наурыз аралығында қалада ауа райы тұрақсыз болады. Түнде, негізінен, қар жауады, ал күндіз аралас жауын-шашын болады.

"Түнде температура -1...-3°С-ден 0+2°С-ге дейін, ал күндіз сынап бағаны +3...+5°С-ден +6...+8°С-ге дейін көтеріледі", - деп атап өтті гидрометеорологиялық орталықтың өкілі.

Сонымен қатар, осы кезеңде көбінесе тұман, көктайғақ және екпінді жел болуы мүмкін.

Алматы бойынша 2026 жылғы 28 ақпан-6 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамы

  • 28 ақпан: аспан бұлтты, түнде және күндіз қар жауады. Кейде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: -7...-9°С, күндіз: -3...-5°С.
  • 1 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Кейде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -3...-5°С.
  • 2 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Кейде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -5...-7°С, күндіз: +1...+3°С.
  • 3 наурыз: аспан бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Кейде тұман, көктайғақ болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: -1...-3°С, күндіз: +3...+5°С.
  • 4 наурыз: аспан бұлтты, түнде қар жауып, көктайғақ болады, күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр), тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +5...+7°С.
  • 5 наурыз: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады, тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +6...+8°С.
  • 6 наурыз: аспан бұлтты, түнде және күндіз жауын-шашын, тұман болады, қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +5...+7°С.

Бұған дейін синоптиктер бүгін, 2026 жылғы 28 ақпанда еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!