Қар мен көктайғақ: Қазақстандағы жүргізушілерге ескерту жасалды
© Фото: Zakon.kz
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі 2026 жылғы 8 қазанда жолдарда күтілетін ауа райы жағдайлары туралы мәлімет беріп, жүргізушілерді сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компанияның мәліметінше, бүгін Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңбыр аралас қар мен қар жауады.
Республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде жолдың көрінуі нашарлап, көктайғақ болуы мүмкін.
"Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына сай жылдамдықпен жүруді және күрт маневрлерден аулақ болуды ұсынамыз", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы соңғы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін "1403" нөміріне хабарласып білуге болады.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 8 қазанға дауылды ескерту жариялаған болатын. Болжам бойынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде -2°С-қа дейін үсік жүріп, қар жауады және дауылды жел соғады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:21, 8 қазан 2026
ШҚО-да жұмысшы тиегіштің астында қалып, қаза тапты
-
10:13, 8 қазан 2026
Үкімет жәрдемақылар тізбесі мен оларды тағайындау шарттарын бекітті
-
10:01, 8 қазан 2026
Қазақстандағы соңғы Ан-26 ұшағы «зейнетке» шықты
-
09:52, 8 қазан 2026
Қазақстан мен Орталық Азия елдері Шардара су қоймасына қатысты маңызды шешім қабылдады
-
09:36, 8 қазан 2026
«Қанша ауыртпалық әкелгенімді түсіндім»: Филиппин азаматы Қазақстанда түрмеге түскені туралы айтты





