Қапшағайлық Эскобар Кегендегі Торайғыр тауында ұсталды

14:01, 23 шілде 2019

Алматы облысының тауларынан есірткі жинап жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Арнайы іс-шара барысында Кеген ауданындағы "Торайғыр" тауында есірткі жинап жүрген 49 жастағы азамат ұсталды. Оның иық дорбасынан 3 килограмға жуық марихуана тәркіленді. Іс бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Аталған дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Анықтау барысында күдіктінің Қапшағай қаласының тұрғыны екені және бұған дейін осыған ұқсас әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Тергеу барысында күдікті құрамында есірткі бар өсімдікті өзі пайдалану үшін жинағанын жеткізді.

Қазіргі уақытта ол мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Облыстық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес тәртіп сақшылары жыл басынан бері заңсыз айналымнан 350 килограмнан астам есірткі заттарын тәркілеген. Оның ішінде марихуана, гашиш және героин бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!