Қапшағай су қоймасында мұз жарылып, балықшы суға түсіп кетті

16:32, 24 қаңтар 2026

© Сурет: видеодан алынды

Қонаев қаласында, Қапшағай су қоймасының "Көгілдір шығанақ" ауданында патрульдеу барысында ТЖМ Жедел құтқару жасағының қызметкерлері мұз жарылып, су астына түсіп кеткен ер адамды байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, балықшы судан өздігінен шыға алмаған. Құтқарушылар жедел көмек көрсетіп, оны қауіпсіз жерге шығарды.

Оған медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ мұздың тұрақсыз кезеңінде оның үстіне шығу аса қауіпті екенін, мұндайда қауіпсіздік шараларын сақтап, өмірге қауіп төндірмеуді ескертеді.

Бұған дейін Қазақстанда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Қауіпсіз жол" атты жедел-профилактикалық іс-шара басталғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!