Әбенов: Конституциялық реформаның маңызды бағыты – шығармашылық еркіндік, сөз бостандығы болуы тиіс
© Сурет: Telegram/consud.kz
Елдің ғылымы мен мәдениеті, инновациясы мен рухани қуаты – ой еркіндігі бар ортада ғана қалыптасады. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осындай ұсынысын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, шығармашылық, ғылыми және инновациялық жобаларға қолдау нақты құқықтық және институционалдық тетіктер арқылы жүзеге асуы тиіс.
"Бүгінгі таңда біз бір маңызды мәселеге бетпе-бет келіп отырмыз. Қоғамға пайдалы, салмақты, жауапты пікір айтатын азаматтардың ойы кейде тасада қалып, ал жеңіл-желпі сөздер мен жалған ақпарат тез таралып кететін жағдайлар бар. Бұл – қоғамның интеллектуалдық дамуына кері әсер ететін құбылыс. Сондықтан Конституциялық реформа аясында шығармашылық еркіндікті тек жариялап қана қоймай, оны нақты қорғайтын және қолдайтын нормаларды бекіту қажет деп есептеймін", деп атап өткен Мұрат Әбенов бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Ең алдымен, Конституцияда сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндіктің мазмұнын нақтылап көрсету қажет екенін. Әбеновтің пікірінше, ол сын-пікір айтуға, жаңа идея ұсынуға, қоғамдық пікір білдіруге құқықтық негіз болады.
"Конституция деңгейінде зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейту қажет. Шығармашылық еңбек – нақты экономикалық және қоғамдық құндылық екені Конституциялық деңгейде танылуы тиіс. Сонымен қатар, мемлекет шығармашылық және ғылыми қызметке жағдай жасауға міндетті деген қағидатты бекіту маңызды. Оған қоса, қоғамдық маңызы бар ой-пікірлерді қолдайтын, сапалы контентті ынталандыратын жүйені қалыптастыру қажет. Бұл – жалған ақпаратқа қарсы күрестің де ең тиімді жолы", – деді ол.
Шығармашылық еркіндікке нақты кепілдік берілген елдерде ғылым мен мәдениет, сонымен қатар, экономика да қарқынды дамып жатқанын мысалға келтірген Мұрат Әбенов жастардың идеялары ел дамуына нақты үлес қосуы қажет екеніне тоқталды.
"Шығармашылық еркіндік пен зияткерлік меншікті қорғау Конституциялық реформаның маңызды өзегіне айналуы тиіс. Сондықтан бұл мәселе – тек құқықтық емес, елдің интеллектуалдық қауіпсіздігі мен болашағына тікелей қатысты", – деп атап өтті депутат.
Бұған дейін Қазақстанда арнайы құқықтық режим құру ұсынылғанын хабарлағанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:22, 24 қаңтар 2026
Қазақстандық конькимен жүгіруші Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды
-
18:59, 24 қаңтар 2026
«Заң және Тәртіп» әр үйдің, әр отбасының табалдырығынан басталуы керек - Елнұр Бейсенбай
-
18:56, 24 қаңтар 2026
«Ақ жол» партиясы банктік құпияны конституциялық деңгейде қорғауды күшейтуді ұсынады
-
18:49, 24 қаңтар 2026
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Конституцияда «Миранда қағидасын» бекітуді ұсынды
-
18:39, 24 қаңтар 2026
Жаңа Конституцияда терминологиялық алшақтықтарды жою керек – Талғат Нәрікбаев





