«Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын». Сәпиев өзінің орынбасарына қатысты болған оқиғаға пікір білдірді
© Сурет: instagram/serik_sapiyev, Instagram/daurenesimkhanov
Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып отырған Серік Сәпиев өз орынбасары — самбо және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Даурен Есімхановқа қатысты болған оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды. Серік Сәпиев мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын қатаң сақтайтынын жеткізді.
"Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан жағдайға байланысты келесіні атап өткім келеді. Мен мемлекеттік қызметші ретінде өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті". Серік Сәпиев
Ол сондай-ақ мәселе толық қаралып, жабылғанын да жазды.
"Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандатушылықтарға ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі", - делінген жазбада.
Бұған дейін Серік Сәпиев пен оның орынбасарының жанжалдың ортасында қалғаны белгілі болған еді. Олимпиада чемпионы мен Дәурен Есімханов арасындағы төбелес 2026 жылғы 21 қаңтарда болған.
Кейінірек бұл оқиғаға Дзюдодан Азия одағы президентінің кеңесшісі әрі Астана қаласының дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов пікір білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:34, 19 ақпан 2026
Шорт-трек: Денис Никиша Олимпиаданың жартылай финалына өтті
-
22:51, 18 ақпан 2026
Гвардейск гарнизонынан шыққан шу: төрт басшы қызметінен кетті
-
22:41, 18 ақпан 2026
«Жаңбыр соңы қарға ұласады». 19 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:47, 18 ақпан 2026
Миланда кездесіп қалған Михаил Шайдоров пен Снуп Догг билей жөнелді
-
21:36, 18 ақпан 2026
Ұлттық Банк жаңа коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады





