Қазақстандықтарға жүргізуші үшін маңызды құжаттардың бірін қалай қалпына келтіруге болатыны айтылды

13:56, 3 қараша 2026
MKZ: 1575706

© Фото: Zakon.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі 2026 жылғы 3 қарашада қазақстандықтарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (КҚТК) жоғалтқан жағдайда қайда жүгіну керегін, қандай құжаттар қажет екенін және жаңасын жасау қанша тұратынын түсіндірді.

Ең алдымен, көлік құралын тіркеу туралы куәлік – әрбір автокөлік иесі үшін маңызды құжаттардың бірі. Алайда кейде оны қолайсыз уақытта жоғалтып алу жағдайлары кездеседі. Мұндай жағдайда алаңдаудың қажеті жоқ, құжатты қалпына келтіруге болады.

КҚТК-ны мына жолдармен қалпына келтіруге болады:

  • мамандандырылған ХҚКО арқылы;
  • екінші деңгейлі банктер арқылы;
  • электрондық үкімет порталы арқылы.
"Бұл үшін автокөлікті тексерту талап етілмейді", – деп түсіндірді мемлекеттік корпорация өкілдері.

Мамандардың айтуынша, өзіңізбен бірге тек жеке куәлікті алып бару қажет. Мамандандырылған ХҚКО-да құжаттың жоғалғаны туралы өтініш толтырып, мемлекеттік бажды төлеу керек.

Жаңа КҚТК беру үшін мемлекеттік баж мөлшері – 1,25 АЕК (5 406 теңге). 2026 жылы Қазақстанда 1 АЕК 4 325 теңгеге тең.

Өтініш рәсімделгеннен кейін жаңа КҚТК алуға болады.

Сондай-ақ егер автокөліктің мемлекеттік нөмірі жаңа үлгіде болса, оны ауыстырудың қажеті жоқ екені айтылды.

"Егер өтінішті автокөлік иесі емес, оның өкілі берсе, өкілдің өкілеттігін растайтын құжат қажет", – делінген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін біз жүргізуші куәлігін алуға үміткер азаматқа 1414 нөмірінен SMS-хабарлама келмеген жағдайда не істеу керектігін жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!