Бір айда 14 мыңнан астам адамға өсті: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

14:22, 2 қараша 2026
MKZ: 1575521

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ел халқының саны туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы жарияланған деректерге сәйкес, Қазақстан халқының саны 20 633 529 адамға жетті. Ал 1 қыркүйекте бұл көрсеткіш 20 618 796 адам болған. Демек, бір айда қазақстандықтардың саны 14 733 адамға артқан.

Сондай-ақ қала халқының саны 13 254 158 адамды, ал ауыл халқының саны 7 379 371 адамды құрады.

Халқы ең көп қала бұрынғысынша Алматы болып отыр. Мұнда 2 348 103 адам тұрады. Одан кейін Астана қаласы орналасқан. Елорда халқының саны – 1 639 176 адам. Үздік үштікті 1 294 050 тұрғыны бар Шымкент қаласы түйіндейді.

Өңірлер арасындағы көрсеткіштер де өзгермеген. Түркістан облысында 2 149 205 адам тұрады. Одан кейін Алматы және Жамбыл облыстары орналасқан. Олардың халқының саны тиісінше 1 596 532 және 1 215 656 адамды құрайды.

Халқы ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда барлығы 219 049 адам тұрады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!