2 қарашадағы сауда-саттықта доллар сәл арзандады

15:45, 2 қараша 2026
MKZ: 1575538

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 2 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 453,64 теңге болды (-0,13 теңге).

Рубль бағамы 5,60 теңгеге дейін төмендеді (-0,03 теңге).

Ал күндізгі сауда-саттықта қытай юанінің бағамы 68,29 теңгені құрады (+0,08 теңге).

Айырбастау пункттерінде доллар 453-455 теңгеден, еуро 505,2-509,2 теңгеден, рубль 5,30-5,42 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

2026 жылғы 2 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы 4%-ға төмендеді. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 21 қазаннан бері алғаш рет 109 доллардан төмен түсті.

Атап айтқанда, Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері алдыңғы сауда-саттықтың жабылу бағасымен салыстырғанда 4%-ға арзандап, барреліне 108,89 доллар болды.

Ал WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстері 4,2%-ға арзандап, барреліне 99,75 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 453,87 теңге, еуроны 508,33 теңге, рубльді 5,65 теңге деп белгіледі.

2 қараша күні түске дейін Қазақстанның айырбастау пункттерінде шетел валютасының қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына жерден оқи аласыздар.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!