Қант пен өңделген еттің зияны қандай: Дәрігер түсіндірді
© Сурет: pexels
Ресейлік хирург Александр Умнов ағза жұмысына айтарлықтай кері әсер етуі мүмкін тағамдарды атады. Олардың қатарында қант пен өңделген ет өнімдері бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lenta.ru жазуынша, құрамында қанты көп тәттілер мен сусындарды шамадан тыс тұтыну қандағы глюкоза деңгейінің күрт өзгеруіне және артық салмаққа әкелуі мүмкін. Ұзақ мерзімде бұл өмір сүру ұзақтығына әсер етеді. Себебі жүрекке қатысты мәселелер туындап, 2-типті қант диабетінің даму қаупі артады.
Рационында қызыл және өңделген ет көп адамдарға да сақ болған жөн. Маманның айтуынша, шұжық, сосиска, бекон және ветчина жүрек-қан тамырлары жүйесіне зиян келтіруі мүмкін.
"Бұл өнімдер негізінен қаныққан майлардың, тұздың нитраттар сияқты консерванттардың қосындысынан тұрады. Мұндай құрам қан тамырларына түсетін жүктемені арттырып, қан қысымының жоғарылауына және тоқ ішек пен тік ішек обырының даму қаупін арттырады", – деді дәрігер.
Дәрігердің түсіндіруінше, кейбір ет түрлері мен жартылай фабрикаттардың құрамындағы трансмайлар мен қаныққан майлардың шамадан тыс мөлшері де зиян. Олар бір мезетте "жаман" холестерин деңгейін көтеріп, "жақсы" холестеринді төмендетеді. Соның салдарынан атеросклероз дамып, қан тамырлары майлы түйіншектермен бітелуі мүмкін.
Трансмайлар маргаринде, дүкендерде сатылатын пісірмелерде, печеньеде, крекерде, фастфудта, фри картобында және бургерлерде кездеседі.
Сондай-ақ интернеттегі мәліметтерді дәрігердің жеке кеңесі немесе ем тағайындау деп қабылдауға болмайды. Кез келген шешімді қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.
Айта кетейік,Қазақстанда фастфуд, тәтті сусындар және басқа да зиянды тағамдардыңжарнамасына шектеу қойылуы мүмкін. 2026 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі осыған қатысты ұсыныстар әзірлегені белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:16, 10 қыркүйек 2026
Алматыда көлік жол белгісін қағып өтіп, бетон қоршауға соғылды
-
10:01, 10 қыркүйек 2026
Ауаға ластаушы заттар тарады: өрттен кейін мұнай компаниясына айыппұл салынды
-
09:54, 10 қыркүйек 2026
Әскери қызметке қабылдау кезінде кандидаттарды тексеру күшейтіледі
-
09:42, 10 қыркүйек 2026
6 млрд теңгеге жуық шығын: Астанада тұрғын үйге қатысты ірі алаяқтық ісі бойынша үкім шықты
-
09:37, 10 қыркүйек 2026
Алматыда коммуналдық көлікпен соқтығысқан жүргізуші зардап шекті





