Әскери қызметке қабылдау кезінде кандидаттарды тексеру күшейтіледі

09:54, 10 қыркүйек 2026
MKZ: 1566081

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 8 қыркүйектегі бұйрығымен ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларына толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа талаптарға сәйкес, іріктеу комиссияларының жұмысын ұйымдастыру барысында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

  • кандидаттардың жеке істерін тексеру;
  • кандидаттардың әскери-есептік мамандығы мен білімінің оларды тағайындау көзделген әскери лауазымға сәйкестігін анықтау;
  • кандидаттардың дене дайындығын тексеру;
  • кәсіби және психологиялық іріктеу шараларын өткізу;
  • іріктелген кандидаттарды комиссия отырысында қарау;
  • кандидаттар туралы мәліметтерді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің "Талдау орталығы" ақпараттық жүйесі арқылы тексеру.

Ақпараттық жүйе арқылы кандидаттың "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңның 38-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

Бұйрық 2026 жылғы 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!