Канада Трамптың АҚШ пен бірігу туралы ұсынысынан бас тартты

09:53, 9 қаңтар 2025

© Сурет: pixabay

Канада билігі Дональд Трамптың Америка Құрама Штаттарына кіру идеясынан үзілді-кесілді бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 қаңтарда Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Канадаға Америка Құрама Штаттарына 51-ші штат ретінде қосылуды ұсынды.

Ұсынысқа кері байланыс, көп күттірмей Канада СІМ басшысының әлеуметтік желісінде жарияланды.

"Сайланған президент Трамптың ұсынысынан Канаданы мықты елге айналдыратын түсінік жоқ екенін көреміз. Біздің экономикамыз мықты. Біздің халқымыз күшті. Біз ешқашан қауіп-қатерден шегінбейміз",- деп жазды Мелани Джоли.

Оның сөздерін жақында отставкаға кететінін мәлімдеген Премьер-министр Джастин Трюдо қолдады.

"Канаданың АҚШ-тың бір бөлігі болуы мүмкін емес. Екі елдің жұмысшылары мен жергілікті қауымдастықтары сауда мен қауіпсіздік саласындағы бір-бірінің үлкен серіктестері болу арқылы пайда көріп отыр".

Бұған дейін Дональд Трамптың Мексика шығанағының атауын өзгерту туралы ұсыныс тастағаны хабарланған боатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!