«Қалың қар жауады». Еліміз бойынша 3 ақпанға арналған ауа райы болжамы

18:26, 2 ақпан 2026

© Фото: zakon.kz

"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан аумағы бойынша алдағы 2026 жылғы 3 ақпан, сейсенбіге арналған ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарына қатысты өз болжамдарын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған сәйкес:

"Кең ауқымды циклонмен байланысты фронтальды жүйелер жылжып, салдарынан Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, боран соғады, еліміздің батысында, оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Қазақстанның батысында қалың қар түсіп, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болатыны болжанады. Республикамыз бойынша көрініс табатын ортақ табиғи құбылыстарға желдің күшеюі, тұман болуы жатқызылады"

Бұған дейін метеорологтар 2 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!