Израиль соғыстан кейін Газаны демилитаризацияланған аймаққа айналдыруды жоспарлап отыр

10:46, 6 желтоқсан 2023

© Сурет: freepik

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху соғыстың мақсаттарын бекітті: ХАМАС-тың әскери және саяси мүмкіндіктерін толығымен жою, Израильге Газа секторынан қауіп төнбейтініне кепілдік және қазіргі уақытта анклав ішінде қамауда отырған барлық тұтқындарды қайтару, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соғыс аяқталғаннан кейін Израиль әскерилері Газа секторында қарусыздандырылған аймақ құруға кіріседі, деп жазды Al Jazeera.

Премьер-министр мұны Израильдің ғана қолынан келетінен және Газа секторын қарусыздандыруға бағытталған ешбір халықаралық күшке сенбейтінін айтты.

Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галлант та баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде, әскерилер зор жетістіктерге жеткенімен, шығын да көп шыққанын айтты. Ол Газа секторындағы құрлық операциясы басталғалы бері қаза тапқан 80 израильдік сарбаздың қазасын меңзеп отыр.

Израиль әскері Газа секторындағы құрлық жорықтарының үшінші кезеңінде екенін және Хан Юнис қаласын толығымен қоршап алғанын және қаланың орталығында әрекет етіп жатқанын мәлімдеді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша сот процесі екі ай үзілістен кейін қайта басталды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!