Интернет арқылы дәрі-дәрмек сатқан қазақстандық 7 жылға сотталды
© Сурет: pexels
Көкшетау қаласының 23 жастағы тұрғыны құрамында күшті әсер ететін дәрілік заттары бар препараттарды заңсыз сатуды ұйымдастырған. Оның клиенттері таныстары болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысы Полиция департаменті 2026 жылғы 9 қыркүйекте хабарлағандай, қыз бұл заңсыз кәсіппен 2024 жылдан бері айналысып келген. Ол күшті әсер ететін дәрі-дәрмектерді интернет арқылы сатып алып, кейін таныстарына сатқан.
"23 жастағы азамат тәуелділік тудыруы және адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін дәрілік заттарды сатқан. Оларды тек дәріханадан және дәрігердің рецепті бойынша сатып алуға рұқсат етіледі", – деп атап өтті Ақмола облысы ПД.
Тінту кезінде Көкшетау тұрғынынан дәрі-дәрмектер тәркіленген. Сонымен қатар оның әлеуетті сатып алушылармен жазысқан хаттары да табылған. Бұл материалдар қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер базасына енгізілді.
Бұған дейін қыз электронды темекі сатумен айналысқан. Кейін дәрі-дәрмек саудасына көшкен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сотталушының өзі психобелсенді заттарды қолданған және психикалық әрі мінез-құлық бұзылыстары болған.
Сот қызды кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сонымен қатар оған мәжбүрлі ем тағайындалды.
Құқық қорғау органдары қазақстандықтарды күмәнді интернет ресурстарынан дәрі-дәрмек сатып алмауға шақырды. Сондай-ақ күшті әсер ететін дәрілік заттардың заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 12 қазан 2026
Көкшетауда құрылыс алаңынан жоғалған төрт жасар баланың мәйіті табылды
-
22:25, 12 қазан 2026
Қостанайда жол жиегінен әйелдің мәйіті табылды: күдікті ұсталды
-
21:12, 12 қазан 2026
Қазақстан өңірлік көшбасшы мәртебесін растады
-
21:08, 12 қазан 2026
Қазақстанда ауа райы қолайсыз болады: елдің барлық дерлік өңірінде ескерту жасалды
-
20:41, 12 қазан 2026
СІМ Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады





