ДНҚ тестіне қатысты дау: Конституциялық Сот қазақстандық әйелдің өтінішін қарады
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Отбасында ешқандай дау болмаса да, сот баланы жұбайы асырап алған кезде ДНҚ сараптамасын талап ете алады. Бұл талапқа қарсылық білдірген қазақстандық әйелдің өтінішін Конституциялық Сот қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іске соттың әйелден молекулалық-генетикалық сараптама қорытындысын ұсынуды талап етуі себеп болған.
Өтініш иесі ерлі-зайыптылар арасында ешқандай дау болмаған жағдайда генетикалық тексеру жүргізуді талап ету оның жеке және отбасылық өміріне қол сұғу деп есептеген. Сондай-ақ бұл талап баланың мүддесіне қайшы келеді деп санайды.
Алайда Конституциялық Сот баланың құқығын қорғау жағын қолдап, туыстық байланысты медициналық жолмен растаудың маңызын атап өтті.
"Бала асырап алу институты баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Ал сот ісін қарау барысында тағайындалған молекулалық-генетикалық сараптама әкесімен туыстық байланысты растауға мүмкіндік береді. Бұл сот шешімдерінің заңды әрі негізді болуын қамтамасыз етіп, баланың өз ата-анасын білу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді", – деп хабарлады Конституциялық Сот.
Соттың баспасөз қызметі нақты даулар бойынша фактілерді қарау және бағалау Конституциялық Соттың құзыретіне кірмейтінін де еске салды.
Бұған дейін осыған ұқсас заңнамалық нормалар тексеріліп, өтініш берушінің конституциялық құқықтарының бұзылғанын көрсететін белгілер анықталмаған. Осыған байланысты Конституциялық Сот өтінішті іс жүргізуге қабылдаудан бас тартты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:02, 10 қыркүйек 2026
Қазақстандық 65 жастағы көршісін ұрып өлтірді
-
14:52, 10 қыркүйек 2026
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен 100-ге жуық адам табылды
-
14:46, 10 қыркүйек 2026
Интернет арқылы дәрі-дәрмек сатқан қазақстандық 7 жылға сотталды
-
14:25, 10 қыркүйек 2026
115 жыл өмір сүрген акушер-гинеколог ұзақ өмір сүруінің сырын айтты
-
14:18, 10 қыркүйек 2026
Қазақстанда депутаттар этика талаптарын бұзса, қалай жазаланады





