Түнде екі өңірде сынап бағаны 7 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады

17:46, 18 қазан 2024

© Сурет: unsplash

"Қазгидромет" РМК мамандарынан Zakon.kz тілішісі алдағы сенбіде, 2024 жылы 19 қазанда ел азаматтарын ауа-райына қатысты қандай тосынсыйлар күтіп тұрғанын сұрап білді.

Болжамға сәйкес, түнде Алматы және Жетісу облыстарында сынап бағаны -1-7°С дейін төмендеп, түнде үсік жүреді.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың батысында, оңтүстік-батысында, шығысында жауын -шашын, шығысында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысында қатты жаңбыр, оңтүстік-батысында найзағай болады деп болжанады. Түнде және таңертең еліміздің басым бөлігінде тұман болады, батыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

19-21 қазан аралығында Қазақстанда ауа-райы қандай болатыны туралы мына арадан біле аласыздар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!