Танымал блогер Токио мен Астананың интернет жылдамдықтарын салыстырып көрді

18:06, 18 қазан 2024

© Сурет: unsplash, Instagram/archibaaalt, Zakon.kz

Бүгіндері Жапонияда жүрген, Instagram-да Archibaaalt лақап атымен танымал алматылық блогер Артур Асқарұлы Токио мен Алматыдағы интернет жылдамдығын салыстырып, нәтижесін көргенде өз көзіне өзі сене алмай қатты таң қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол осы сипаттағы видеосымен 2024 жылдың 17 қазанында Stories-інде бөлісті.

"Барлығы Токиодағы интернет жылдамдығын өлшеуді сұрайды. Содан оны ақыры жасап көрдім, нәтижесі мені қатты таң қалдырды", – деп жазды Артур Асқарұлы.

Ол үшін блогер Speedtest қосымшасын пайдаланды. Нәтижесінде Алматыдағы интернет Токиомен салыстырғанда бірнеше есе жақсы болып шықты.


Айта кетсек, 2023 жылдың шілдесінде ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин (қазіргі "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы) Астана Интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып озғанын мәлімдеді. Бірақ кейінірек ол Қазақстанда байланыс сапасына қатысты проблемалар барын мойындады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!