Алматыда тау өзендеріне тәулік бойы мониторинг жалғасуда
© Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі бүгін, 2026 жылғы 3 шілдеде жаңбырлы ауа райына байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімдік ақпаратынша, құтқарушылар Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Қарғалы өзендеріндегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап, мониторинг бекеттерінен сағат сайын ақпарат алып отырады.
Сонымен қатар, судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін Ақсай өзенінің арнасы тазартылды.
Жауын-шашын басталғанға дейін су басу қаупі бар учаскелерде қала әкімдігінің мердігер ұйымдарының, Құтқару қызметі мен ТЖД-ның күштері мен техникасы алдын ала орналастырылды. Бұл жағдай өзгерген кезде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
"Қазіргі уақытта ешқандай төтенше оқиға тіркелген жоқ. Құтқарушылар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілікті жалғастырып жатыр",- деп мәлімдеді әкімдік.
Айта кетсек, 1 шілдеде Алматы облысында нөсер жаңбыр салдарынан Түрген өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі туристерді шұғыл эвакуациялауға кірісті. 2 шілдеде Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды сабырға шақырып, Алматы қаласындағы гидрологиялық жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеді. Өзендердегі су деңгейінің көтерілуі байқалмайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:02, 3 шілде 2026
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
-
14:55, 3 шілде 2026
Қарағандыда 94 жастағы кейуананың миллион теңгесін жымқырған күдіктілер ұсталды
-
14:37, 3 шілде 2026
ЕО елшісі Қазақстанда босқындарға арналған лагерьлер ашылады деген қауесетті жоққа шығарды
-
14:14, 3 шілде 2026
Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі сұлулық салонында өрт шықты
-
13:35, 3 шілде 2026
Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшу жеделдетіледі: Үкімет қандай тапсырма жүктеді





