Қазақстанда әлеуметтік қызметтер порталы жақсара түсті
© Фото: freepik
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 3 шілдеде әлеуметтік қызметтер порталы бұрынғыдан да ыңғайлы әрі қауіпсіз бола түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді тапсырысты QR арқылы қол қою немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы растауға болады.
Министрлік атап өткендей, пайдаланушы өзіне ыңғайлы тәсілді өзі таңдайды. QR арқылы қол қою жаңа мүмкіндігі ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге байланысты тәуекелдерді азайтып, қызметтердің қауіпсіздігін арттырады.
"Тағы бір жаңалық – тауарды SMS-код арқылы растау. Жеткізу кезінде немесе тауарды өзіңіз алып кеткен жағдайда алушының ұялы телефонына бір реттік SMS-код жіберіледі. Код расталғаннан кейін тапсырыс автоматты түрде "Орындалды" мәртебесіне өтеді. Бұл тауарды алу процесінің ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді". ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Aleumet порталында техникалық оңалту құралдарын алушыларға арналған онлайн-сауалнама іске қосылды. Пайдаланушылар техникалық оңалту құралдарының құны, қосымша төлем мөлшері және оларды сатып алу қолайлылығына қатысты өз пікірлерін білдіре алады. Сауалнамаға порталдағы сілтеме немесе QR-код арқылы қатысуға болады.
Сондай-ақ Inva.gov.kz порталында онлайн өзін-өзі бағалау сауалнамасы іске қосылды. Объект иелері мен бизнес өкілдері өз нысандарының қолжетімділігін бағалап, анықталған кедергілерді жою бойынша ұсынымдар ала алады. Ол үшін портал немесе QR-код арқылы сауалнаманы ашып, өту қажет болады.
Бұған дейін Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны өсіп келетіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:02, 3 шілде 2026
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
-
14:55, 3 шілде 2026
Қарағандыда 94 жастағы кейуананың миллион теңгесін жымқырған күдіктілер ұсталды
-
14:37, 3 шілде 2026
ЕО елшісі Қазақстанда босқындарға арналған лагерьлер ашылады деген қауесетті жоққа шығарды
-
14:14, 3 шілде 2026
Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі сұлулық салонында өрт шықты
-
13:51, 3 шілде 2026
Алматыда тау өзендеріне тәулік бойы мониторинг жалғасуда





