ІІМ жанынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды

09:45, 14 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстан Үкіметі "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2024 жылғы 11 қыркүйектегі қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылсын", - делінген құжатта.

Енді ІІМ- мынандай ведомстволарды қамтиды:

  • ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
  • Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
  • Әкімшілік полиция комитеті;
  • Көші-қон қызметі комитеті;
  • Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!