ІІМ Шымкентте төрт балалы әйелге жасалған шабуылға қатысты түсініктеме берді

18:27, 16 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 2025 жылғы 16 сәуірде өткен Мәжілістегі брифинг барысында Шымкентте бұрынғы әйеліне шабуылдаған басбұзардың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер ресми өкілден бұған дейін әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме беруді сұрады. Нақтырақ айтқанда, Шымкентте бұрынғы әйелі әрі төрт баланың анасын аяусыз соққыға жығып, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамға қатысты.

"Аталған факті бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы қылмыстық істі тергеу алгоритмі бойынша кешенді медициналық сараптама тағайындалатынын атап өткім келеді. Мен бұл қылмыстық істі өз бақылауымда ұстаймын. Біз әлеуметтік желілерді зерделеп, жағдайды анықтайтын боламыз", - деп жауап берді Санжар Әділов.

Сондай-ақ, ол балалардың қазір туыстарының қолында екенін және бұл жағдайды қамқоршылық органдары мен ювеналды полиция өкілдері сүйемелдейтінін айтты.

Бұған дейін, 2025 жылғы 4 сәуірде Астана қалалық полиция департаменті Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты істің егжей-тегжейімен бөлісті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!