Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар

15:05, 13 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов 2026 жылғы 13 мамырда Мәжіліс кулуарында Көкшетауда әйел адамның қаза болуына себеп болған жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, аталған факті бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

"Бірінші іс жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қозғалды. Кеше сот оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу жалғасып жатыр. Сондай-ақ көлікті заңсыз басқаруға берген адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 349-бабы бойынша қосымша қылмыстық іс қозғалды. Автотехникалық сараптама қорытындысы алынғаннан кейін тергеуді бір ай ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз", – деді Санжар Әділов.

Вице-министрдің мәліметінше, көлікті басқаруға берген азамат күдіктінің жұбайы болып шыққан.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 349-бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Ал нақты жаза тағайындау – соттың құзырындағы мәселе", – деп түйіндеді ол.

Еске салайық, 2026 жылғы 11 мамырда Көкшетауда жантүршігерлік жол апатынан жалғызбасты ана қаза тапқаны белгілі болған еді. Көлік тізгінінде жүргізуші куәлігі жоқ әйел отырған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!