ІІМ Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді
© Фото: zakon.kz
Әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыстың салдары түсірілген видео тарап жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода әскери киімдегі адамдар және әскери техника көрсетілген.
Ал кадр сыртындағы адамның айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында болған, қазір онда техника тартылып жатыр.
ІІМ-нің хабарлауынша, мұның бәрі жалған.
"Қазақстан Республикасының ІІМ Қостанай облысындағы шекарадағы арандату туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын және жалған болып табылатынын хабарлайды. Видеода биыл 8 қыркүйекте Қостанай қаласы аумағында өткен жоспарлы далалық сабақтарға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





