ІІД көктайғақ кезінде сақ болуды ескертеді

10:18, 18 қазан 2018

Астана қаласының ІІД қала тұрғындары мен қонақтарына көктайғақ кезінде жолда сақ болуды ескертеді, деп хабарлайды Baq.kz.

"Қыс мезгілі келісімен күн райының суытуы және бірде жылы, бірде салқын, қар аралас жауын жаууына байланысты қаламызда әсіресе таңғы және кешкі мезгілдерде көктайғақ болуда. Көктайғақ кезінде жарақат алып қалмау және тағы да басқа қолайсыз жағдайларға тап болмау мақсатында мамандар жаяу жүргіншілерге бірнеше сақтану кеңесін ұсынуда: әр қадамыңызды нық әрі абайлап басып, сақ жүріңіз; көлік алдынан жүгіріп өтпеңіз, аяғыңыз тайып құлап қалуыңыз мүмкін. Жолдан өту кезінде жаяу жүргіншілерге арналған арнайы белгі немесе бағдаршаммен жабдықталған жерлермен өтіңіз", - делінген хабарламада.

Ал, көлік тізгіндеген жүргізушілерге жол қозғалысы барысында өте сергек болуды және қала ішіндегі жолдарда жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан 50 шақырымға төмендетіп, мүмкіндігінше баяу жүруді және көлік дөңгелегін қыстық дөңгелекке ауыстыруды ұсынады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!