Иерусалимде теракт болды

16:50, 30 қараша 2023

© Сурет: pxhere

30 қарашада Иерусалимге кіре берісте теракт болды. Қарулы лаңкестер аялдамада тұрған адамдарға оқ жаудырған. Кейінгі мәліметтерде үш адам – 24 жастағы қыз, қарт ер және әйел қаза тапқаны айтылады.

The Times of Israel басылымының хабарлауынша, оқиға орнында ХАМАС-тың екі содыры оққа ұшқан. Дәрігерлердің айтуынша, теракт салдарынан үш адам қаза тауып, алтауы жараланған. Оның екеуінің жағдайы ауыр.

Полицияның хабарлауынша, шамамен сағат 7:40-та (Астана уақытымен 11:40) екі палестиналық қарулы адам елорданың басты кіреберісіндегі Вейцман бульварында көліктен түсіп, аялдамадағы адамдарға оқ жаудырған. Террористер ұсталды.

Шабуыл жасағандар 38 жастағы ағайынды Мурад Намр мен Шығыс Иерусалимнен келген 30 жастағы Ибрагим Намр. Shin Bet қауіпсіздік агенттігінің мәліметінше, екеуі ХАМАС мүшесі және бұрын лаңкестік әрекеті үшін түрмеде болған:

"Мурад 2010-2020 жылдар аралығында Газа секторындағы лаңкестік элементтердің нұсқауымен лаңкестік әрекеттерді жоспарлағаны үшін, ал Ибрагим 2014 жылы ашылмаған лаңкестік әрекеттері үшін түрмеде отырды".

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда лаңкестердің М-16 автоматы мен тапаншамен қаруланғаны көрінеді. Полицейлер көлікті тінтіп, көп мөлшерде оқ-дәрі тапты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!