Хорватия азаматы Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған

© Сурет: Zakon.kz
Көлік полицейлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан арқылы есірткі заттарын тасымалдаған Хорватия азаматын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның көлік полицейлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Алматы – Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде қызметтік-іздестіру иті пойыз жолаушыларының біріне белгі берді.
Күдікті Хорватия Республикасының 61 жастағы азаматы болып шықты.
Ұсталған азаматқа жеке тінту жүргізу кезінде марихуана және гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді. Шетелдік есірткі заттарын сатып алғанын және оны жеке пайдалануы үшін сақтағанын түсіндірді.
"Аталған факті бойынша шетел азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігі (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді".Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:59, 6 желтоқсан 2023
Қазақстандық такси жүргізушілерінің табысы бір жылда 20% өсті
-
10:46, 6 желтоқсан 2023
Израиль соғыстан кейін Газаны демилитаризацияланған аймаққа айналдыруды жоспарлап отыр
-
10:35, 6 желтоқсан 2023
Қазақстанда шыршаны кескендерге қанша айыппұл салынады
-
10:22, 6 желтоқсан 2023
Қазақстанда жаңа әуе компаниясы пайда болуы мүмкін
-
10:10, 6 желтоқсан 2023
Әлемдегі ең беделді әйел анықталды