Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан Данияға қарсы ойнайды

23:01, 11 желтоқсан 2023

© Сурет: olympic.kz

Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы екінші ойынын Данияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында A дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салады.

Кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталады.

Бірінші ойында Қазақстан жастар құрамасы Венгриядан басым түсті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!