Халықаралық іздеуде жүрген алаяқтар ұсталды
© Сурет: Zakon.kz
ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады,- деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ мәліметінше, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 650 млн теңгеден асады.
Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2018 жылдың шілдесінде өзі Ақтөбеде бола отырып, елордада жылжымайтын мүлік сатып алып беру сылтауымен 100 млн теңгені иемденген. Ал, Алматы қаласында 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен азаматтарды 516 млн теңгеден астам сомаға алдаған.
Астана қаласында 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өткен жылдың қыркүйек айында жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 млн теңге жымқырған. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 30 жастағы қазақстандық азамат құрықталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан.
"Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықтады",- делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанда ІІМ орынбасары және Ұлттық ұланның басшысы жаңадан тағайындалғаны хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:44, 19 қыркүйек 2024
Қызылордада екі жасөспірім қыз көше шамдарын қасақана сындырған
-
22:34, 19 қыркүйек 2024
Атырауда ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы сотталды
-
21:58, 19 қыркүйек 2024
Ақмола облысында жоғалып кеткен жасөспірім шахтадан табылды
-
21:42, 19 қыркүйек 2024
Күйсандық шебері Жанар Сүлейманова Лондондағы беделді байқауда бірінші орын иеленді
-
20:28, 19 қыркүйек 2024
Экология министрлігі қабылданды талап жатқан иттердің видеосына қатысты түсініктеме берді