Испанияда акула суда жүзіп жүрген туристке шабуыл жасады
![](https://mail.kz/images/dda497dbfba0b5a7638388d5fc02cffb-slider.jpg)
© Сурет: Х/innsalzach24
17 қыркүйекте Канар аралдарының жағасында германиялық 30 жастағы туристке акула шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
MSN мәліметінше, оқыс оқиға кешкі сегіздер шамасында жағалаудан 500 км қашықтықта болды.
Саяхатшыға жақын орналасқан кеме дер кезінде испандық теңіз құтқару қызметіне апат туралы белгі берді. Құтқарушылар акуланың шабуылынан кейін әйелдің аяғынан айырылғанын анықтады.
![Испанияда акула суда жүзіп жүрген туристке шабуыл жасады , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2024 09:51](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2024-09-19/file-d7c626d1-2e1f-476b-a8de-174c96b690cb/800x449.webp)
Сурет: Х/ConsultingTIC
Көп қан жоғалтқан әйелді медициналық көмек көрсету үшін тікұшақпен эвакуациялады. Алайда, тасымалдау кезінде турист жүрек талмасына ұшырап, өмірімен қоштасты.
Ресми қызметтердің хабарлауынша, турист саяхаттаған кеме 14 қыркүйекте Лас-Пальмастан Испанияның оңтүстігіне қарай бет алған. Шабуыл шомылу аялдамасы кезінде болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
- 16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
- 15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
- 15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
- 14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті