Шымкент тұрғынының ауласынан 71 түп қарасора тәркіленді
© Фото: Zakon.kz
Шымкент тұрғыны өз ауласында қарасораның ірі партиясын өсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал үйіне жалғана салынған кіші ғимаратта ер адам қапшықпен марихуана сақтаған.
Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді егіп-өсіру жайтын қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында анықтады.
47 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің артқы ауласынан тәртіп сақшылары 71 қарасора түбін тауып, тәркіледі.
Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егіп-өсіргені және есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін ер адамға қатысты тергеу басталды.
Полиция есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекетке жол берілмейтіні туралы ескертеді. Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қудаланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:26, 22 желтоқсан 2024
Ұлттық қауіпсіздік органдары шетелдіктерге ҚР-да тұруға келісуден бас тарту жағдайын түсіндірмеуге құқылы
-
10:57, 22 желтоқсан 2024
«Пышақ тақап, электрошокер қолданған». Атырауда әскери мектепте тексеру жүріп жатыр
-
10:41, 22 желтоқсан 2024
«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері тағайындалды
-
09:49, 22 желтоқсан 2024
Атырауда саусағына темір «тағып алған» бала дәрігерлер мен құтқарушыларды әбігерге түсірді
-
09:39, 22 желтоқсан 2024
Қостанайда фельдшердің аяусыз соққыға жығылуы: Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады