Әбиба Әбужақынова дзюдо бойынша әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді

10:52, 19 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/jenysjudoclub

Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Әбиба Әбужақынова дзюдошылардың әлемдік рейтингінің үздік бестігіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

48 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылардың рейтингі Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында жарияланды. Әлемдік рейтингті моңғолиялық дзюдошы Баасанху Бавуудорж бастап тұр. Біздің Әбиба төртінші орыннан көрінді. Ал, үздік бестікті франциялық Ширин Букли аяқтап тұр.

Әбиба Әбужақынова дзюдо бойынша әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2024 10:52

Сурет: ijf

22 тамызда Әбиба Әбужақынова "Jenys" дзюдо спорт клубы сыйға тартқан көліктің фотосуреттерімен бөлісті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!