«Игра престолов» сериалының жұлдызы Қазақстанға келмекші

12:37, 20 мамыр 2026

© Сурет: "Игра престолов" сериалынан үзінді

"Игра престолов" сериалында Джейме Ланнистер рөлін ойнаған танымал дат актері Николай Костер-Вальдау Астанада өтетін Comic Con фестивалінен кейін Қазақстанды аралап шығуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Comic Con Astana парақшасында жарияланған бейнежазбада актер Қазақстанға бұрын-соңды келмегенін, бірақ бұл ел туралы көп естігенін айтқан.

"Мен Астанада боламын. Comic Con-ға қонақ ретінде қатысамын", – деді Николай Костер-Вальдау.

Актер тек фестивальге қатысып қана қоймай, Қазақстанмен жақынырақ танысқысы келетінін де жеткізді. Оның елде қанша уақыт болатыны әзірге белгісіз, бірақ сапардан үлкен үміт күтетінін айтты.

"Мен осы керемет елді аралаймын", – деді ол.

Comic Con Astana — ТМД кеңістігіндегі танымал мәдени фестивальдердің бірі. Өткен 2025 жылы бұл шараның басты қонағы "Властелин колец" фильміндегі актер Энди Серкис болған еді.

Бұған дейін Қыдырәлі Болманов аяқ-асты ауруханаға түсіп қалғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!