Мемлекет басшысы Кения президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Рутоға Астанаға бизнесмендерден құралған үлкен делегацияны бастап сапармен келгені үшін ризашылығын білдірді.
Ресми ақпаратты 2026 жылдың 20 мамырында Ақорданың баспасөз қызметі таратты.
Қазақстан президентінің сөзінше, бұл мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін көрсетеді.
"Кения – Африкадағы өте маңызды серіктесіміз. Сіздің еліңіз құрлықта саяси және экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келеді. Көптеген бағытта ықпалдастығымызды кеңейтудің тың мүмкіндіктері бар. Біз бұған қуаныштымыз. Оны табысты түрде ілгерілете алатынымызға сенімдімін. Бүгін екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылаймыз. Найроби Африкадағы халықаралық орталық ретінде танылғаны мәлім. Онда БҰҰ жүйесіндегі ұйымдар орналасып, тұрақты жұмыс істеп келеді. Осыған байланысты Қазақстан Найробиде елшілік ашу туралы шешім қабылдаған болатын", – деді Қазақстан Президенті.
Уильям Руто Кения Қазақстанды сауда мен инвестицияны дамытудағы маңызды логистикалық хаб ретінде қарастыратынын атап өтті.
"Қазірдің өзінде елдеріміз арасындағы тауар айналымында өсім байқалады. Біз Қазақстан арқылы негізгі ауылшаруашылық өнімдерімізді Еуразия нарығына экспорттауға ниет танытып отырмыз. Сапар аясында елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қажетті құқықтық негіз қалап, тың мүмкіндіктерге жол ашатын бірқатар құжатқа қол қоямыз," – деді Кения Президенті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:46, 20 мамыр 2026
Қазақстан мен Кения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
-
13:37, 20 мамыр 2026
«Кейбір ата-ананың қалтасы көтере алмайды»: депутат мектеп бітіру кештеріне кететін шығындар туралы айтты
-
13:22, 20 мамыр 2026
Непалдық альпинист Эверестке 30-рет көтерілді
-
13:17, 20 мамыр 2026
Дәрігерлер ер адамның асқазанынан 200-ден астам тиын, бұранда мен есік топсасын алып шықты
-
12:53, 20 мамыр 2026
Алматыда жаңа автобус жолақтары енгізіледі – көшелер тізімі жарияланды





