Алматыда жаңа автобус жолақтары енгізіледі – көшелер тізімі жарияланды
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 20 мамырда Алматы қаласында жаңа автобус жолақтарын енгізу жоспарланып отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев мәлімдеді.
"Қаланың көлік жүйесін жаңғырту аясында Әл-Фараби даңғылы, Төлендиев, Шевченко, Құрманғазы, Сәтбаев, Үтеген батыр, Рысқұлов көшелері, сондай-ақ ВОАД пен Солтүстік айналма жолында жаңа бөлінген автобус жолақтарын енгізу қарастырылып отыр", – деді ол.
Сонымен қатар қалада велосипед инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасады. 2026 жылы веложолдардың ұзындығын 87 шақырымнан 125,5 шақырымға дейін жеткізу жоспарланған.
Бұдан бөлек, жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары да жалғасады. Биыл 2500-ден астам жол белгісін орнату және кемінде 350 мың шаршы метр жол таңбасын сызу көзделіп отыр. Бұл мақсатқа шамамен 4 млрд теңге бөлінген.
Сондай-ақ 20 мамырда әкімдік Горький атындағы Орталық саябақты абаттандыру жоспарланып отырғанын хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:37, 20 мамыр 2026
«Кейбір ата-ананың қалтасы көтере алмайды»: депутат мектеп бітіру кештеріне кететін шығындар туралы айтты
-
13:22, 20 мамыр 2026
Непалдық альпинист Эверестке 30-рет көтерілді
-
13:17, 20 мамыр 2026
Дәрігерлер ер адамның асқазанынан 200-ден астам тиын, бұранда мен есік топсасын алып шықты
-
13:04, 20 мамыр 2026
Мемлекет басшысы Кения президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
-
12:46, 20 мамыр 2026
Алматыда 270 шақырымға жуық электр желісі жаңғыртылады





