Ғылым министрі ЖИ неліктен жоғары білімнің орнын баса алмайтынын түсіндірді
© Фото: pixabay
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 18 тамызда Үкіметтегі брифингте жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып жатқан кезеңде жоғары оқу орындарында білім алудың өзектілігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, бұл мәселе қазір академиялық қауымдастық арасында қызу талқыланып жатыр.
"Жоғары білімді қолдай отырып айтарым, білімнен бөлек, әлеуметтену, командада жұмыс істей білу, қарым-қатынас орнату және белгілі бір қоғамда бірге өмір сүру дағдылары да өте маңызды. Бұған қоса, жоғары білім адамның ойлау жүйесін қалыптастырады. Кез келген жоғары зияткерлік қызмет үшін белгілі бір талдау аппараты, ойлау жүйесі мен оның құрылымы қажет. Мұндай ойлау құрылымын тек арнайы институттар арқылы қалыптастыруға болады", – деді Саясат Нұрбек.
Ол барлығы адамның ойлау тереңдігі мен құрылымына байланысты екенін атап өтті.
"Мұндай пікірталастар жалғаса береді, олар мәңгілік. Алайда жоғары білім министрі ретінде айтарым: жоғары білім қажет. Онсыз қоғам мен экономиканың одан әрі дамуы мүмкін емес", – деп толықтырды Саясат Нұрбек.
Бұған дейін Спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы Бағдат Мусин де осы мәселеге қатысты пікір білдірген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:54, 18 тамыз 2026
Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдей алады
-
14:50, 18 тамыз 2026
Алматыда жатақханадан орын таппаған студенттер қайда жүгіне алады
-
14:42, 18 тамыз 2026
Ұлттық банк алаяқтық белгілері бар транзакциялар туралы деректер жинай бастайды
-
14:31, 18 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министріне бірқатар тапсырма берді
-
14:18, 18 тамыз 2026
Мектептердің басым бөлігіндегі камералар әлі күнге дейін полиция жүйесіне қосылмаған





