Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы дзюдодан Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясындағы халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы шешуші кезеңге дейін жетті. Финалда оған Жапонияның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абе қарсы тұрды.
Белдесуде жапон спортшысы жеңіске жетті. Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев Гран-при турнирін күміс медальмен аяқтады.
Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов қола медаль үшін белдесті. Алайда Олимпиада чемпионы Ресей өкілі Аюб Блиевтен жеңіліп, жүлдегерлер қатарына ене алмады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:32, 26 маусым 2026
Алматының бас жоспары бойынша экологиялық тыңдаулар өтеді
-
18:22, 26 маусым 2026
Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды
-
18:15, 26 маусым 2026
Қазақстандағы этномәдени бірлестіктерге Конституцияның арнайы басылымдары берілді
-
18:02, 26 маусым 2026
Тоқаев ақмолалық танымал спортшыларымен әңгімелесті
-
17:56, 26 маусым 2026
Тоқаевқа жас өнерпаздар бірнеше күй орындап берді





