Гулмира Дайрабаева Қаржы министрінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды
© Сурет: instagram/gulmira_dairabaeva
Гулмира Дайрабаева Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің баспасөз хатшысы және Қоғаммен байланыс департаментінің директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Гулмира Тынышбекқызы – танымал тележүргізуші, журналист, медиаменеджер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Ақпарат саласының үздігі, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. Мемлекеттік саясат және басқару магистрі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Sophia-Antipolis атындағы шет елдіктерге арналған Франция институтының, USC Sol Price School of Public Policy, Оңтүстік Калифорния университетінің, АҚШ, Мемлекеттік саясат және басқару академиясының түлегі.
Гүлмира Дайрабаева есімі қазақ халқына етене таныс. Көп жылдары телевидение саласында қызмет етіп, көпшілікке танылды. «Қазақстан» теле-радио корпорациясында «Таңшолпан» таңғы бағдарламасының тұңғыш жүргізушісі болды, кейіннен осы корпорацияда Таңғы бағдарламалар департаментін басқарды. Сонымен қатар, «Хабар» агенттігінде, «НТК» және «ОРТ Қазақстан» телеарналарында қызмет етті, Францияның «FRANCE-3» мемлекеттік арнасында CIFAP халықаралық ұйымының аудиовизуалдық тағылымдамасынан өткен. Республикалық гендерлік саясатқа арналған әлеуметтік телевизиялық бағдарламалардың алғашқы авторларының бірі. Тікелей эфирде «Сырға» атты қазақ-француз телешоуын жүргізді.
Қазақ, орыс, ағылшын, француз және sign language (мылқаулар тілін) тілдерін меңгерген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





