Голан биіктігіндегі Қазақстанның бітімгерлік күшіне қауіп төніп тұрған жоқ па
© Сурет: gov.kz
14 сәуірге қараған түні Таяу Шығыста жағдай тағы да шиеленісе түсті. Иран Израильге жүздеген баллистикалық зымырандарды атқылап, дрондармен де шабуыл жасады. Осыған байланысты Zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігінен Голан биіктігіндегі отандық бітімгерлік күшінің жағдайын сұрап-білді.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі біздің сарбаздарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын нақтылады.
"Голан биіктігіндегі БҰҰ бітімгершілік миссиясын орындаушы қазақстандық контингент штаттық режимде жұмысын атқарып жатыр. Жеке құрамның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ".
14 сәуірге қараған түні Иран ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшырғалы жатқанын растады және Израильге жақын арада зымыраннан шабуыл жасайтынын жариялады.
Иран түнгі шабуылдар осы айдың басында адамдар өліміне әкеліп соққан Дамаскідегі (Сирия) Иран консулдығына Израильдің жасаған соққысына жауап болды деп мәлімдеді. БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш зымырандармен жасалған шабуылды айыптап, ұрыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырды, 14 сәуірде Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 16:00-ге (15 сәуір, 01:00 Астана бойынша) БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





