Германияда ер адам күміс монеталардан тұратын ірі көмбе тапты
© Сурет: pexels
Әуесқой қазына іздеуші археологтарға Германия аумағынан Рим императоры Адриан билік еткен кезеңге тиесілі ең ірі көмбені табуға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Daily Galaxy басылымының мәліметінше, Оливер Ридл кезекті қазына іздеу кезінде 15 күміс монета тапқан. Алайда металл іздегіш сигнал беруді тоқтатпаған. Осыдан кейін ер адам археологтарға хабарласып, жағдайды баяндаған.
"Бұл жерде бұдан да үлкен бір нәрсе жасырылғаны маған анық болды", – деді Оливер Ридл.
Оқиға орнына Рейнланд аймағындағы археологиялық ескерткіштерді қорғау басқармасының қызметкерлері келген. Мамандар көмбені бүлдірмей, толықтай қазып алған.
Кейін оның құрамында 934 римдік денарий болғаны анықталды. Монеталармен бірге топырақтан қыш құмыраның сынықтары мен сабан іздері табылған. Археологтардың айтуынша, монеталар бастапқыда ішіне сабан төселген құмыраға салынып, жерге көмілген.
Көмбе ұзақ уақыт аралығын қамтиды. Монеталардың басым бөлігі біздің заманымыздың 69–96 жылдарына жатады. Ал ең соңғысы Рим императоры Адриан билік еткен кезеңде, біздің заманымыздың 124 немесе 125 жылында соғылған.
Мамандар бұл олжаны Германиядағы осындай көмбелердің ішіндегі ең ірісі деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта салмағы шамамен 3,1 келі болатын монеталар коллекциясы Бонн қаласындағы музейде көрмеге қойылған.
Ал Чехияның солтүстік-шығысында геологтар қоры 11 тоннаға бағаланған ірі алтын кен орнын анықтаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 22 қазан 2026
Қара нарықтағы құны 180 млн теңге: ҰҚК Қытайға заңсыз әкетілмек болған киік мүйіздерін тәркіледі
-
12:54, 22 қазан 2026
Шымкент мектептерінде 170 мыңнан астам оқулық жетіспеген
-
12:47, 22 қазан 2026
Иесінің бұйрығын орындайтын қой желі жұлдызына айналды
-
12:35, 22 қазан 2026
Алматы облысында құдыққа құлаған ер адам құтқарылды
-
12:26, 22 қазан 2026
Бас прокуратурада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды





