Қара нарықтағы құны 180 млн теңге: ҰҚК Қытайға заңсыз әкетілмек болған киік мүйіздерін тәркіледі
© Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы заңсыз әрекеттердің жолын кесу жұмыстары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 20 қазанда шекарашылар "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында Қытайға 620 киік мүйізін заңсыз алып өту әрекетінің жолын кескен.
Тәркіленген мүйіздердің қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңге болуы мүмкін.
Осы дерек бойынша жиналған материалдар процестік шешім қабылдау үшін тергеулігіне қарай құзыретті органға беріледі.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Киік мүйізі негізінен дәстүрлі қытай және тибет медицинасында қолданылады. Онда ол алтынмен пара-пар бағаланып, қасиеттері жағынан мүйізтұмсық мүйізіне теңестіріледі.
Бұған дейін, 19 қазанда ҰҚК Қазақстанда жасырын әрекет еткен топты әшкерелегені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:54, 22 қазан 2026
«Болады, бірақ шарты бар»: қазақстандықтарға қосарланған текті қалай алуға болатыны түсіндірілді
-
13:42, 22 қазан 2026
Бұрынғы әйелінің қолын сындырған тараздық сот үкіміне қарсы шықты
-
13:36, 22 қазан 2026
«Бірден 102-ге қоңырау шалыңыз»: полиция қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
-
13:23, 22 қазан 2026
Жүріп бара жатқан көліктің үстіне шыққан қазақстандық көлігінен айырылды
-
13:13, 22 қазан 2026
Жалған хабарландырулар: туристер арасында танымал Booking.com платформасы тексеріліп жатыр





