Өзбекстанмен тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр
© Фото: pixabay
Қаржы министрі Мәди Такиев 2026 жылғы 21 қазанда Құрылтайда өткен брифингте Өзбекстанмен тауар айналымын арттыру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның сөзінше, екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді.
"Өзбекстанмен тауар айналымымыз жоғары. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша оның көлемі 4,7 млрд долларға жетті. Биылғы тоғыз айда 3,7 млрд доллар болды, тауар айналымы 29%-ға өсті. Алдағы уақытта оны 10 млрд долларға жеткізу міндеті тұр", – деді Мәди Такиев.
Министр осы мақсатта кедендік келісімге қол қойылғанын атап өтті.
"Бұл үшін өкілдік ашу туралы келісімге қол қойдық. Ол тауар айналымын ұлғайтуға ықпал ету үшін отандық және шетелдік кәсіпкерлерге практикалық әрі теориялық көмек көрсетеді. Мәселен, тауарлардың шекарада кідіріп қалмауы және басқа да мәселелер Өзбекстандағы әріптестермен бірлесіп шешіледі", – деп түйіндеді Мәди Такиев.
Бұған дейін Өзбекстанда Қазақстанның кеден қызметінің өкілдігі ашылатынын жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:43, 21 қазан 2026
Қытай Тынық мұхитында стратегиялық зымыранды сынақтан өткізді
-
11:43, 21 қазан 2026
Чехияда 11 тонна алтын қоры бар ірі кен орны табылды
-
10:16, 21 қазан 2026
Термокружка қарақшылардан қорғануға көмектесті: америкалық әйел шабуылдаушыларға қарсылық көрсетті
-
23:06, 20 қазан 2026
Төртінші талпыныстан кейін Румынияда жаңа үкімет құрылды
-
16:32, 20 қазан 2026
Әуе шарының кесірінен Ташкенттің бірқатар ауданы жарықсыз қалды





