Ғалымдар құпиясын аша алмай отырған астероид ғарышта жылдамдығын арттырып барады
© Сурет: pexels
1998 KY26 шағын астероидының жылдамдығы астрономдардың болжамына сай болмай отыр. Ол күтпеген жерден жылдамдығы мен қозғалыс бағытын өзгерту үстінде, деп хабарлайды Zakon.kz.
IFLScience басылымының мәліметінше, қазірдің өзінде астероидқа қарай Hayabusa2 ғарыш аппараты бағыт алған. Аспан денесінің диаметрі небәрі 11 метрге жуық болғанымен, ол өте жылдам айналады. Өз осінен бір толық айналым жасауға 5,35 минут қана кетеді. Сонымен қатар бақылаулар оның қосымша үдеу алып жатқанын көрсеткен.
Алғашында ғалымдар 1998 KY26 астероиды "қараңғы комета" болуы мүмкін деп болжаған. Мұндай нысандар газ бөліп шығару арқылы қозғалыс жылдамдығын өзгертеді, алайда артынан көзге көрінетін құйрық қалдырмайды.
Дегенмен жаңа зерттеу бұл болжамға күмән келтірді. Астрономдардың есептеуінше, астероид Күннің әсерінен қатты қызады. Сондықтан оның беткі қабатының астындағы мұз ұзақ уақыт бойы сақталуы екіталай.
Қазір ғалымдар басқа да болжамдарды қарастырып жатыр. Олардың қатарында Күн сәулесінің әсері мен астероидтың өзінен бөлінетін жылудың ықпалы бар.
Дегенмен әзірге нақты жауап жоқ. Астероид құпиясын ашуға Жапонияның Hayabusa2 ғарыш миссиясы көмектесуі мүмкін. Ғарыш аппараты 2031 жылғы шілдеде астероидқа жақындап, оны зерттейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:21, 11 қараша 2026
Үш жылда 800 кітап оқыған астаналық оқушы көпшілікті таңғалдырды
-
10:13, 11 қараша 2026
Андрей Мартин «Ордабасының» бас бапкері қызметінен кетті
-
09:52, 11 қараша 2026
«Бір видеода қаншама мейірім»: алматылық медбикенің сәбиге деген қамқорлығы көпшілікті тәнті етті
-
09:45, 11 қараша 2026
Қазақстанда әуе қозғалысын ұйымдастыру талаптары жетілдіріледі
-
09:32, 11 қараша 2026
АҚШ әуежайында қатты ауа ағыны шағын ұшақты аударып жіберді





