Ғалымдар қайталама нарықтағы көліктердің есірткімен ластану қаупі жайлы ескертті

15:20, 10 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Қайталама нарықтан көлік сатып алушылар темір тұлпардың тарихымен етене таныс бола бермейді. Жаңа зерттеулер көрсеткендей, егер көлікте бұрын есірткі сақталған болса немесе қолданылған болса, бұл жаңа көлік иелерін уландыруы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәселені Австралиядағы Флиндерс университетінің Қоршаған ортаны қорғау мамандары анықтады. Олардың мақаласын жақында Forensic Chemistry журналы жариялады.

Қазақстанда айналымы мен қолданылуына тыйым салынған метамфетаминнің құрамы көлікте ұзақ уақыт тұрақтайды екен. Оның әсерінен (есірткінің үшінші әсері) бас ауруы, тыныс алудағы қиындықтар, когнитивті функция мен мінез-құлықтың өзгеру орын алуы мүмкін.

Зерттеушілер бұрын есірткі сақталған екі көлікті зерттеп көрді.

Нәтижесінде, олардың ішінен 85%-дан 93%-ға дейінгі есірткінің құрамы анықталды. Олар тіпті үшінші, төртінші қабаттағы жабындыларға дейін сіңіп қалған. Сондай-ақ, ауа сынамаларынан да табылды.

Осылайша, ғалымдар көлік сатып алушыларға автомобильдің бұрынғы тарихын терең зерттеуді ұсынады. Австралиялық мамандар осы саладағы зерттеулерді жалғастырмақ.

Бұған дейін Қостанайда синтетикалық есірткі жасырған күдікті ұсталғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!